Жарияланған күні: 20.08.2019 10:36
Өзгертілген күні: 22.11.2019 10:02

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19134 тіркелген, «Ағаш материалдарының  жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 бұйрығының қабылданғаны туралы хабарлайды, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осыған байланысты, алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 4401, 4403, 4404, 4406 и 4407 кодтары) әкетуге жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажет.