Жарияланған күні: 02.02.2024 12:11
Өзгертілген күні: 02.02.2024 12:13

Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру болып табылады, осыған байланысты қолданыстағы мониторинг жүйесі қайта қаралды.

2024 жылдың 12 ақпаннан растайтын құжаттарды ұсыну міндеттілігін және олар бойынша хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімдер шығаруды алып тастау жолымен орташа тәуекел дәрежесі бар хабарламаларды орындау рәсімі оңайлатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Орташа тәуекел дәрежесі бар барлық хабарламалар автоматты түрде орындалды деп танылады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап келіспеуі туралы түсіндірме берген салық төлеушілердің банктік шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайды.

Салық төлеушілерді ақпараттандыру бойынша міндет іске асырылды, салық төлеушілер кабинетінде хабарламалардың орындалу мәртебесі көрсетіледі.

Бұл жаңашылдық бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді деп санаймыз.