Жарияланған күні: 11.01.2017 15:59
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:33

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылдың 12 айыңы үшін жұмыс қорытындысы

 

       Облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдерді қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. ғымдағы жылдың  12 айыңы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 273 929,8 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді. Соның ішінде республикалық бюджетке болжам 23 513,2 млн.теңгеге артығымен орындалды немесе 181 586,3 млн.теңге түсті, жергілікті бюджетке 92 343,5 млн.теңге қамтамасыз етілді.

         Өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 142,1% немесе 100 622,9 млн.теңгеге көп түсті (нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС қайтаруды есепке алмағанда), оның ішінде республикалық бюджетке – 156,7% немесе 89 512,3 млн.теңге, жергілікті бюджет бойынша-113,7% немесе 11 110,7 млн.теңге.

         Егер алты ай бойынша төлемдер мен салықтық түсімдерге талдау жасаса, онда түсім көлемінің абсолюттік шамасы  122 342,4 млн.теңгеге артты (2010 жыл – 151 587,4 млн.теңге, 2016 жыл – 273 929,8 млн.теңге).

         Бюджетке түсетін салықтық түсімдер мен төлемдердің көбеюі салықтарды әкімшілендіру сапасының жоғарлауы, экономикалық-бақылау жұмыстарын күшейтуі және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің жөнге салынуының нәтижесінде мүмкін болып отыр, бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдер мен төлемдердің серпініне оң әсер етеді.

         ҚР Салық кодексінің 585 бабына сәйкес, камералды бақылау шараларын жүргізу нәтижесінде республикалық бюджетке қосымша 13 117,2 млн.теңге және жергілікті бюджетке 2 485,6 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді.