Жарияланған күні: 16.08.2019 18:13
Өзгертілген күні: 21.11.2019 17:57

 

Шот-фактураларды жазып шығаратын салық төлеушілердің  электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЭШФ АЖҚ) таныс болуы бірінші жыл емес, яғни бірнеше жылдан бері таныс.

Алайда, 2019 жылы ЭШФ жазып шығару мәлімдемесін түсіндіруді неғұрлым нақтырақ талап ететіндер үшін ең маңызды мәлімет болып қала береді. ЭШФ беру бойынша міндеттемелері, ҚҚС сомаларын есепке жатқызу, түзетуді ескере отырып жазылған ЭШФ, сондай-ақ ҚҚС бойынша салық есептілігі нысанын толтыру ерекшеліктеріне (300.00 СЕН) қатысты мәселелер үлкен қызығушылық тудырады.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 2019 жылдан бастап барлық шот-фактураларды электронды түрде беруге толықтай көшу басталғанын хабарлайды. Бұл ереже 2019 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының салық кодексінің 412-бабында белгіленген.

ЭШФ АЖ жүйесіне қатысушылар келесі артықшылықтарға ие болады:

- Сатып алушыға  құжаттарды дайындау, басып шығару және рәсімдеу үшін жеткізушінің шығындарының едәуір төмендеуі;

  • Қағаз құжаттарының азайуы;
  • Құжаттарды өндеу уақыты қысқарады;
  • Құжаттарды өндеуге арналған адамдардың ресурстарының қысқаруы;
  • Компания айналымының жалпы экономиясы;
  • Шот-фактураны дайындау кезінде қателерді азайту және нәтижесінде сатып алушы ҚҚС шегеруден бас тарту қаупін азайту, өйткені ЭШФ АЖ форматты-логиқалық бақылауды тексереді;
  • Құжаттарды жеткізу уақытын қысқарту;
  • Тәулік бойы құжаттарға онлайн режимінде қол жетімділік оларды бақылау, қозғалысты басқару, іздеу, жүктеу, басып шығару, салыстыру және қабылдамау.

Тағы бір артықшылығы – ЭШФ АЖ пайданушылары үшін ҚҚС бойынша табыс етілген салық есептілігі көлемінің едәуір қысқаруы.

Салық кодексінің 424-бабаның 2-тармағына сәйкес, егер тауарларды жеткізуші жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынатын шот-фактуралар тек қана электронды түрде ресімделсе, сатылған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізілімін ұсынудың қажеті болмайды.           Егер тауарларды,         жұмыстарды, қызметтерді, шот-фактураларды сатып алушы тек электронды түрде шығарылса, онда сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізілімін ұсынудың қажеті болмайды.

Осылайша, қосылған құн салығын төлеушілер үшін 1 тармақшада көрсетілген Салық кодексінде 367-баптың 1-тармағының қосылған құн салығы бойынша декларацияны орналасқан жердегі салық органына ұсыну тәртібі жеңілдетілген.

Жұмысқа байланысты және ЭШФ АЖ қатысты барлық мәселелер бойынша ESFSD@mgd.kz ақпараттық жүйеге қолдау көрсету қызметіне хабарласу керек.

Электрондық шот-фактуралармен жұмыс бойынша кеңестерді мемлекеттік органдардың бірыңғай байланыс орталығында 1414 телефоны бойынша алуға болады (мемлекеттік органдардың байланыс орталығы).