Жарияланған күні: 25.03.2022 17:16
Өзгертілген күні: 25.03.2022 17:17

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелу шегін тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдерімен тасымалдайтын Тауарлар үшін 200 - ден 1000 евроға дейін арттыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Бұл шара 2022 жылғы 1 қазанға дейін қолданылады. Егер сәлемдеменің құны осы сомадан асып кетсе немесе оның салмағы 31 кг-нан асатын болса, тапсырыс құнының 15% мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін 2 евродан кем емес баж төлеу қажет болады.

Тиісті шешім 2022 жылғы 17 наурыздағы № 35 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесімен қабылданды. Құжат 31.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.