Жарияланған күні: 17.02.2022 15:13
Өзгертілген күні: 17.02.2022 15:28

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы және оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге арналған "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы іске қосылды.

Қосымшаның функционалдығы сізге:

- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;

- салық режимін таңдау және өзгерту;

- чектер беру;

- кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыру;

- қосымшада есептелген, оның ішінде қызметкерлер бойынша салық міндеттемелерін төлеуге;

- оңайлатылған декларация тапсыру;

- берешекті қарау және өтеу;

- мемлекеттік кірістер органдарынан хабарлама алу;

- ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға мүмкіндік береді.

Қосымша "Play Market", "App Store" және "App Gallery" бағдарламаларында қолжетімді.

 

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы-жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдететін жаңа ыңғайлы цифрлық шешім!