Жарияланған күні: 14.04.2022 09:00
Өзгертілген күні: 14.04.2022 09:03

Мобильдік қосымша салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде арнаулы салық режимін қолдану, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органы әзірлеген.

Мобильдік қосымшаның пайдаланушылары арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер болып табылады.

Мобильді қосымша мыналарды өндіруге мүмкіндік береді:

- дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою және осындай тіркеу есебінен шығару;

- салық режимін таңдау және өзгерту;

- қосымшаның чектері бойынша кірістерді есепке алу.

Мобильдік қосымшада дара кәсіпкердің табысы қосымша чектерінің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банктік шоттарға аударымдар бойынша деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған кезде) немесе кәсіпкер қолмен енгізу арқылы енгізген деректер бойынша қалыптастырылады.