Жарияланған күні: 07.03.2024 18:23
Өзгертілген күні: 07.03.2024 18:24

2024 жылғы 06 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «CONSTANT BUSINESS CONSULTING» ЖШС алаңында «Салық органдары жүзеге асыратын камералдық бақылау бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістер. Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында сөз сөйледі. Семинарға ШҚО-ның Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай ауданының салық төлеушілері, консалтингтік компаниялар, блогерлер қатысты.

Кездесу шеңберінде ШҚО бойынша МКД-нің Камералдық бақылау басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген салық заңнамасының камералдық бақылау бөлігіндегі өзгерістерімен, камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындау тәртібімен, тәуекелдерді басқару жүйесімен таныстырды.

Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысушыларға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 - кезеңінің басталғаны туралы, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 250, 270 СЕН бойынша салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен мерзімдері туралы айтты.

Спикер мобильді аударымдарға жеке тоқталып, аталған тақырып аясындағы өзекті ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асырылатын бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» цифрлық сервистерінің, @SalyqBot чат-ботының артықшылықтары туралы жеткізді.

Қатысушылар барлық сұрақтарына толыққанды жауап алды.