Жарияланған күні: 24.01.2024 10:00
Өзгертілген күні: 24.01.2024 10:02

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12.12.2023ж. Мемлекет басшысының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюына байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша хабарлайды: Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша

Салық кодексінің 696-3-бабының 2-тармағына құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану құқықтарын шектеу мақсатында «бөлшек салықтың» деген сөздерді алып тастау бөлігінде өзгеріс енгізілді (ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 696-3-бабы 7-тармағының бірінші бөлігіне бөлшек салықтың АСР қолдану кезінде кірісті айқындау тәртібін нақтылауды көздейтін өзгерістер енгізілді, мұнда алынған кіріс Салық кодексінің 681-бабында белгіленген кірістерді айқындау жөніндегі  тәртіпке ұқсас жиынтық түрде айқындалады (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-17-бабына жергілікті өкілді органдарға 2024 жылғы 31 наурызға дейін бөлшек салық бойынша мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдау құқығын беруді көздейтін өзгеріс енгізілді (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).