Жарияланған күні: 22.01.2024 18:02
Өзгертілген күні: 22.01.2024 18:03

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12.12.2023ж. Мемлекет басшысының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюына байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша хабарлайды:

біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салу бойынша Салық кодексінің 351-1-бабына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) жеке тұлға сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты болған немесе жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлғаға біржолғы зейнетақы төлемі кезінде ЖТС ұстау тәртібін нақтылауды көздейтін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес келтіру мақсатында;

Салық кодексінің 353-бабы жаңа 3-1-тармақпен толықтырылды (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыстың мөлшері мүгедектігі бар адам болып табылатын, оларға теңестірілген адамдар, мүгедектігі бар баланың немесе бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ бала асырап алушылардың бірі, жетім балалар мен балаларды асырап алушы ата-аналардың бірі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған асырап алушы отбасылары үшін стандартты шегерімді алып тастағанда, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы түрінде айқындалады.