Жарияланған күні: 05.02.2024 18:01
Өзгертілген күні: 05.02.2024 18:02

Бірыңғай терезе порталында сыртқы экономикалық қызметке қатысушысына аралас акционерлік қоғамдар және ұйымдар (ҚР АШМ, ҚР ДСМ, ҚР СИМ ТРМК, ҚР ЖПҚ КИР, ҚР ЭБЖМ, сәйкестікті растау жөніндегі органдар) беретін рұқсат құжаттарын электрондық түрде бір жерден алуға рұқсат берілді. Бұған дейін сыртқы экономикалық қызметке қатысушы рұқсат құжаттарын қағаз түрінде алу үшін әрбір мемлекеттік органға келу тәртібімен жүгінген.

2023 жылы Бірыңғай терезе порталында 205 мыңнан астам рұқсат құжаттары берілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Қызметтерді автоматтандыру сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға шешім қабылдау кезінде адам факторын болдырмауға, кедендік және рұқсат беру рәсімдерінен өтуді жеделдетуге және қағаз тасығыштағы құжаттарды жоюға, көрсетілетін қызметті берушілермен байланыстарды болдырмауға, қызмет көрсету мерзімдерін 30-дан 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.