Жарияланған күні: 22.06.2022 16:57
Өзгертілген күні: 22.06.2022 16:58

2022 жылғы 20 маусым

 

2021 жылдың сәуір айында "Бақты" кеден бекетінде кедендік құны 41920608,14 теңге болатын 982 орынды декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар тәркіленді.

Тауар ЕАЭО арқылы Венгрияға транзитпен өткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Семей көлік прокуратурасы қаулы шығарды, оның аясында заттай дәлелдемелер болып табылатын халық тұтынатын тауарлар кері экспорт кедендік рәсіміне орналастыру үшін ШҚО бойынша МКД-ға берілді. 

Алайда тасымалдаушымен де, тауардың иесімен де кері экспорт кедендік рәсімін мәлімдеу үшін шаралар қабылданбаған.

Шаралардың қабылданбауына байланысты тауар ұсталып, уақытша сақтау қоймасына орналастырылды.

Департаментте тұрақты жұмыс істейтін комиссиямен одан әрі пайдалануға жарамды және сатылмаған тауарға қатысты уәкілетті заңды тұлға жергілікті атқарушы орган арқылы балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру туралы шешім қабылданды.

21.06.2022 жылы "Азия Сервис С" ЖШС уақытша сақтау қоймасынан тауарлар 16 әлеуметтік мекеме өкілдеріне беріледі.