Жарияланған күні: 05.02.2024 17:52
Өзгертілген күні: 05.02.2024 17:53

Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді.

Жеке шоттарына ай сайын қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар (маңызды: 100-ден астам аударымдар емес, ал 100 және одан да көп тұлғалардан аударымдар) бақылауға жатады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі.

Маңызды: әртүрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне аударуға шектеулер жоқ

Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер бақылау саласынан шығарылады. Сондай-ақ, бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Салық режимдерінің тәртібі оңайлатылды - салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1%-дан 4%-ға дейін.