Жарияланған күні: 13.04.2022 17:14
Өзгертілген күні: 13.04.2022 17:15

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Азаматтық бақылау - Түбіртекті талап ет!» акциясының жалғасып жатқандығы жайлы хабарлайды.

Қолма-қол ақшамен немесе төлем карталарының қаражатымен есеп айырысу кезінде фискалды түбіртектің ұсынылмауы фактілері туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төленеді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап ШҚО бойынша МКД-нің Wipon Салық инспекторының кабинетіне барлығы 256 өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштердің ішінде түбіртектің берілмеуі туралы ақпарат 161 факт бойынша расталды.

 «Азаматтық бақылау - Түбіртекті талап ет!» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.

Осындай бұзушылық фактілері туралы App Store және Play market-тен "WIPON CASHBACK" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады.

Кәсіпкер туралы ақпаратты кассаның жанында орналасқан QR-кодтың көмегімен алуға болады. Бұзушылық расталған жағдайда хабарлама жөнелтуші телефон теңгеріміне (жеке табыс салығы шегеріле отырып) 1 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады.