Жарияланған күні: 01.03.2024 17:57
Өзгертілген күні: 01.03.2024 17:58

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов 2024 жылдың 29 ақпан айында Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» туралы заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізді:

Кездесу жанданған форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов жауап беріп, қажетті ақпарат берді.

Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.