Жарияланған күні: 20.03.2024 15:04
Өзгертілген күні: 20.03.2024 15:05

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов 2024 жылдың 20 наурыз айында Ұлан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» туралы заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кездесу жанданған форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов жауап беріп, қажетті ақпарат берді.

Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.