Жарияланған күні: 05.02.2024 17:56
Өзгертілген күні: 05.02.2024 17:58

Айтып өткеніміздей, мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистері сыртқы цифрлық платформаларда қолжетімді.

Мысалы, салықтарды төлеу сервисіне және контрагенттер туралы ақпаратты алу сервисіне 140-тан астам ұйым, оның ішінде ЕДБ, есепке алу жүйелері және ІТ-компаниялар қосылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Салық есептілігін қабылдау және өңдеу сервисіне 18 сыртқы ақпараттық жүйе (Бухта kz, Учет.kz, 1C рейтинг, Компра, ЕДБ және т.б. есепке алу жүйелері) қосылған. ҚҚС бойынша есепке қою бойынша жаңа сервис іске асырылды. API сервис іске қосылған сәттен бастап 416 млн. астам сұраныс өңделді.