Жарияланған күні: 08.02.2022 13:54
Өзгертілген күні: 08.02.2022 14:08

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ  елдерінен импортталатын арақ, коньяк, этил спиртіне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану көзделген.

ЕАЭО елдерінен тасымалданатын жүктерге жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша салық төлеуден жалтарудың әртүрлі схемалары анықталды, оның ішінде импортталатын тауарлардың құнын төмендету де бар.

Көрсетілген фактілер салық салынатын базаның төмендеуіне байланысты ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарларға қосылған құн салығы шығындарына әкеп соғады. Сонымен қатар, адал отандық кәсіпкерлер мен өндірушілер үшін тең емес бәсекелестік жағдайлар қалыптасуда.

Аталған фактілердің алдын алу мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексінің 444-бабына түзетулер енгізуге бастама жасады, оған сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарлардың белгілі бір тізбесіне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану көзделеді.

Бұл шара ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауарлардың құнын төмендету фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады және өзекті салық салынатын базадан қосылған құн салығын алуға мүмкіндік береді.

Бастапқы кезеңде бағаның ең төменгі деңгейін енгізу алкоголь өнімінің жекелеген түрлеріне (арақ, коньяк, этил спирті) қатысты пилоттық режимде көзделген.