Жарияланған күні: 19.01.2024 17:12
Өзгертілген күні: 19.01.2024 17:13

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының Полиция департаментінен келіп түскен ақпаратқа байланысты келесіні хабарлайды.

Соңғы уақыттарда  құқыққа қайшы әрекеттер жасау мақсатында ЖК (жеке кәсіпкерлік) мен ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) пайдалану деректері жиілеп кетті.

Мысалы: қаскүнемдер әр түрлі желеулермен Интернет желісінен оңай табыс іздген адамдарды тауып алады. Олар мемлекеттік кірістер органдарында кәсіпкерлік қызметке (ЖК, ЖШС) еліктейтін ұйымды тіркеуді, сондай-ақ екінші деңгейлі банкіден дербес шотты ашуды  талап етеді. Аталған рәсімдер өткізілгеннен кейін, қаскүнемдер банк шоттарын солардың қолына беруді сұрайды.

Құқық бұзушылық жасалу процесі кезінде алақтармен жалған интернет-дүкендер құрылады, онда болжам бойынша ЖК немесе ЖШС иелері ретінде әр түрлі тауарлар және қызмет түрлері сатылады. Осыдан кейін олар мәміле туралы келіседі және қашықтан төлеу шотын жібереді, бұл ақша аудару кезінде зардап шегушілерде қандай да бір күмән туғызбайды.

Коммерциялық ұйымдарға ЖК, ЖШС және банк шоттарын тіркеудің жеңілдетілген рәсіміне байланысты, аталған бағыт қылмыскерледің қылмыстық құқық бұзушылық жасау процесінде ерекше қызығушылық тудырады.

ЖК, ЖШС және банктік шоттарды бөгде адамдарға басқаруға беру жаппай сипатқа ие болып отырғанын, оның салдарынан біздің азаматтарға үлкен материалдық залал келтірілетінен ескере отырып, құқық бұзушыларға жәрдем көрсеткен жағдайда ҚР ҚК 190-бабында (алаяқтық), ҚР ҚК 28- бабында (қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері) көзделген жауапкершілік туралы ескертеміз.