Жарияланған күні: 08.02.2023 17:33
Өзгертілген күні: 08.02.2023 17:34

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер декларацияны (910.00-нысан) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына 2022 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей табыс етеді. (25 ақпаннан кешіктірмей салықтарды төлейді).

Бұл ретте салық агенттері қызметкерлердің табысынан ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеуді табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын жүргізетінін атап өткен жөн.

 

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

  • «Салықтөлеушініңкабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);
  • СОӨЖақпараттықжүйесі (бағдарламаны МКК сайтынантегінжүктепалуғаболады);
  • қағазтүрінде;
  • 01.08.2022 жылдан бастап Halyk Bank онлайн мобильдік қосымшасының көмегімен оңайлатылған 910.00 декларацияны ұсыну бойынша жаңа сервис іске қосылған (жалдамалы жұмыскерлер болмаған жағдайда).
  • Каспий банкте ашылған шоты бар салықтөлеушілер үшін «Kaspibank» мобильді қосымшасы арқылы «Салықтар» бөлімінде 910.00 салық оңайлатылған декларациясын ұсынуға арналған жаңа сервисі қолжетімді.