Жарияланған күні: 02.02.2024 11:55
Өзгертілген күні: 02.02.2024 11:58

Мемлекеттік кірістер органдары 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкроттықты қолдануға 80 мыңнан астам азаматтан өтініш қабылдады, оның ішінде 16,7 млрд. теңгеден астам қарыздар бойынша берешек сомасына 8 986 азамат банкрот деп танылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Жалпы, E-gov, E-gov Mobile және E-Salyq Azamat арқылы түскен Заңға сәйкестікке өтініштерді автоматты түрде өңдеу 22-ден астам мемлекеттік органдар және ұйымдардың базаларымен және 11 екінші деңгейдегі банкпен интеграциялау жолымен Жеке тұлғалардың банкроттығы жүйесінде өңделеді.

Бұдан басқа, рәсімді қолдануды оңайлату бойынша (берешекті реттеуді жүргізуді растайтын құжатты, өтінішті толтыру кезінде мерзімі өткен берешектің сомасы мен мерзімін, өтінішті толтыру кезінде кредиторлардың тізімін талап етпеу) соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.