Жарияланған күні: 16.02.2022 11:17
Өзгертілген күні: 16.02.2022 11:18

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығы шеңберінде Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі (851.00-нысан)" салық есептілігін ұсынуға қатысты, келесіні хабарлайды:

2022 жылы 851.00 СЕН ұсыну тәртібі (Өскемен, Риддер және Курчатов қалаларының бюджеттеріне түсетін төлем бойынша салық есептілігін қоспағанда):

1) 2022 жылдың 20 ақпанына дейін берілетін мерзімде 851.00 СЕН «төлеуге есептелген төлемақы сомасы» бағанында «0» деп көрсету қажет;

2) 2022 жылғы 25 ақпанға дейінгі мерзім бойынша төлемақының нақты сомаларын бюджетке енгізуді бюджет деңгейін ескере отырып жүзеге асыру қажет, яғни:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша төлемақы – бюджеттің төртінші деңгейіне;

басқа жер учаскелері үшін төлем – бюджеттің үшінші деңгейіне;

3) жаңа 851.00 СЕН ресми бекіткеннен кейін (2022 жылдың 30 наурызына дейін жоспарлануда), салық төлеушілерге төлем сомаларын бюджеттер деңгейлері бойынша бөле отырып, қосымша есеп табыс ету қажет:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша – бюджеттің төртінші деңгейіне;

басқа жер учаскелері бойынша-бюджеттің үшінші деңгейіне.