Жарияланған күні: 18.04.2022 14:07
Өзгертілген күні: 18.04.2022 14:08

"Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде:

- 2021 жылы тауарларды жіктеу туралы 48 алдын ала шешім және жиналмаған/бөлшектелген түрде тауарларды жіктеу туралы 1 шешім шығарылды. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым сомасы 1,6 млн. теңгені құрады;

 - 2022 жылдың бірінші тоқсанында тауарларды жіктеу туралы 7 алдын ала шешім шығарылды. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым сомасы 224 мың теңгені құрады.

Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезінде:

- 2021 жылы тауарларды жіктеу туралы 274 шешім қабылданды. ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі нәтижесінде кедендік баждар, салықтар 24,9 млн. теңгеге қоса есептелді, оның ішінде бюджетке кедендік баждар, салықтар 24,9 млн. теңге сомасында өндіріліп алынды;

- 2022 жылдың бірінші тоқсанында тауарларды жіктеу туралы 41 шешім қабылданды. ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі нәтижесінде кедендік баждар, салықтар 3,7 млн. теңгеге қоса есептелді, оның ішінде бюджетке кедендік баждар, салықтар 3,7 млн. теңге сомасында өндіріліп алынды;

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды тіркеу, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша:

- 2021 жылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің 726 нысаны;

- 2022 жылдың бірінші тоқсанында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің 200 нысаны рәсімделді.

Департаменттің ақшаны уақытша орналастыру шотын жүргізу және бақылау нәтижелері бойынша:

- 2021 жылы олардың өтініштеріне сәйкес 407 млн. теңге сомасына СЭҚҚ ағымдағы банктік шоттарына қайтару, 200 млн. теңге сомасына ҚР ҚМ МКК ЭДО нұсқауларына сәйкес даусыз тәртіппен бюджеттік сыныптама кодтарына кедендік баждарды, салықтарды аудару, 58 млн. теңге сомасына аванстық төлемдер ретінде СЭҚҚ өтініштеріне сәйкес бюджеттік сыныптама кодына кедендік баждарды, салықтарды аудару, талап қою мерзімі бойынша 45 млн. теңге сомасына республикалық бюджетке аудару жүргізілді.

- 2022 жылдың бірінші тоқсанында олардың өтініштеріне сәйкес 112 млн. теңге сомасына СЭҚҚ ағымдағы банктік шоттарына қайтарулар, 7 млн. теңге сомасына ҚР ҚМ МКК ЭДО нұсқауларына сәйкес даусыз тәртіппен бюджеттік сыныптама кодтарына кедендік баждарды, салықтарды аудару, 3 млн. теңге сомасына аванстық төлемдер ретінде ЭҚЖЖ өтініштеріне сәйкес бюджеттік сыныптама кодына кедендік баждарды, салықтарды аудару, 2 млн. теңге сомасына талап қою мерзімі бойынша республикалық бюджетке аудару жүргізілді.

Іске қосылған құндық тәуекел бейіндері бойынша импортталатын тауарлар мен көлік құралдарының кедендік құнын бақылау нәтижелері бойынша  № 51400/250918/00122, 51400/300120/00236, 50100/011020/00254, 50100/011020/00255, 50100/011020/00256, сондай-ақ әкелінетін тауарлармен мәміле бағасымен шығарылған тауарлар бойынша ("жасыл дәліз"):

- 2021 жылы ШҚО бойынша МКД кеден бекеттері мен тарифтік реттеу басқармасының мамандары тауарлардың кедендік құнына 75 түзету жүргізді, 321 млн. теңге сомасына қосымша кедендік баждар мен салықтар есептелді;

- 2022 жылдың бірінші тоқсанында ШҚО бойынша МКД кеден бекеттері мен тарифтік реттеу басқармасының мамандары тауарлардың кедендік құнына 35 түзету жүргізді, 120 млн. теңге сомасына қосымша кедендік баждар мен салықтар есептелді.

Тарифтік реттеу басқармасы мемлекеттік қызметтерді толық көлемде және заңнамада белгіленген мерзімде көрсетеді. ШҚО бойынша МКД ақшаны уақытша орналастыру шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша СЭҚҚ өтініштерін қарау мерзімдерінің бұзылуы жоқ. Тауарлардың кедендік құнын бақылауды тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кедендік бақылауды жүргізу шеңберінде кеден бекеттері мен КРБ мамандары жүзеге асырады.