Жарияланған күні: 19.08.2019 16:44
Өзгертілген күні: 22.11.2019 10:01
2019 жылғы 16 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен Ұлттық Банкінің ШҚ филиалы мен екінші деңгейлі банктерінің басшылары және өкілерілінің қатысуымен «Екінші деңгейдегі банктерде ақша қаражаттарын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-әрекет бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу» тақырыбында өткізілген «дөңгелек үстелге» қатысты. 
Дөңгелек үстелді өткізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі бойынша комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшылығымен қызметтің басым бағыттары, сондай-ақ аймақтағы қолма-қол ақшаға айналдырылған ақша қаражаттарының мөлшерінің талдауы қатысушылардың назарына жеткізілді, қолма-қол ақшаға айналдыру сомалары бойынша «көшбасшы»-банктер аталды, сонымен қатар слайдттарда қолма-қол ақшаларының көлеңкелі айналымы қылмыстарын анықтау динамикасы, қолма-қол ақшаға айналдырылатын ақша қаражаттарының өсімі, бюджеттік қаражаттандырудың талдауы көрнекі көрсетілді. 
Кездесу барысында дөңгелек үстел қатысушылар өзара пікір алмасып, проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтау және оларды жою бойынша бірлескен шешім қабылдау туралы шешім қабылдады.