Жарияланған күні: 26.08.2024 16:36
Өзгертілген күні: 26.08.2024 16:38

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы банкроттық рәсімдерінің 3 түрін - соттан тыс банкроттықты, сот банкроттығын және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді көздейді.

Барлық үш рәсімдерді тек борышкердің өзі бастайды, яғни кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.                 

Бірінші рәсім: соттан тыс банкроттықты тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.          

Азаматтар соттан тыс банкроттықты келесі жағдайларда қолдана алады:

1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды;

2. банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлар алдындағы міндеттемелер бойынша мұндай арыз берілген күнге қатарынан 12–ай бойы өтеудің болмауы;

3. ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;

4. мерзімі өткен берешек бойынша банкпен реттеу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі;

5. 7 жыл бойы банкроттық рәсімінің қолданылмауы.

Сонымен қатар, заң жобасымен:

- 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін;             

- 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

5,5 млн.теңгеден астам борыштар және қарыздың қалған түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығын қолдана алады.

Сот банкроттығының мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін), тұрақты табыс болған жағдайда көздейді.

Бұл рәсімнің артықшылығы-одан кейін азамат "банкрот" мәртебесіне ие болмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.                                 

Бүгінгі таңда ШҚО бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 2671 өтініш келіп түсті, оның ішінде 172 өтініш қабылданды, 1989 өтініш бойынша бас тартылды, 55 өтініш қаралуда.