Жарияланған күні: 20.10.2016 12:13
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Экономикалық қылмыс бүгінгі күні еліміздің тұрақты дамуына нақты қаупін тигізіп, оның экономикалық тұрақтылығының нығаюына кері әсерін тигізеді. Осындай қылмыстардың шығыны миллиардтаған теңгемен есептеледі.

Бүгінгі күні бір күндік фирмалардың заңсыз қызметін  қолдану салдарынан әлеуеттік міндеттемелерді, мектептер мен ауруханаларды, жолдарды салуға жұмсалуға тиісті қаражат мемлекет бюджетіне түспей, миллиардтаған соманың шығыны келтіріліп отыр.

Осыған байланысты, ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің басты бағытының бірі жалған кәсіпкерлікпен күресті ашу мен алдын алу.

Ағымдағы жылғы 9 айда жалған кәсіпкерлікпен күрес фактілері бойынша 101 сотқа дейінгі өндіріс тіркеліп, сотқа 59 қылмыстық іс жолданды. Келтірілген шығын көлемі 6,3 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде 223,4 млн. теңгенің шығыны қайтарылды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған кәсіпорындар желісін  құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Өскемен қаласының бір топ тұрғынына қатысты сотқа дейінгі сапалы тергеу жүргізу қылмыстық істі қысқа мерзімде тергеуді аяқтап, процессуалдық келісім жасаумен сотқа жолданды.

Салықты төлеуден жалтарып жалған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан қылмыстық топ 64 эпизод бойынша айыпталды, нәтижесінде мемлекетке 3,9 млрд. теңге шығын келтірілген.

Осы көп эпизодты қылмыстық істі тергеу үшін Департаментте тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлерден тұратын жедел тергеу тобы құрылды.

 

Тергеудің алғашқы уақытында жалған кәсіпорындардың номиналды басшылары қылмыстық топты ұйымдастырушылардан қорқып, өздерінің қызметтерінің заңды екендігі туралы куәлік еткен.

Тергеушілердің тергеу барысындағы белсенділігінің, тұрақтылығының негізінде номиналды директорлар (40 артық адам) заңды кәсіпкерлікпен айналыспағандары туралы куәлік етіп, қылмыстық топтың басқа белсенді мүшелерін анықтауға көмектескен.

Дер уақытында жоспарланған және өткізілген тінту, алу, «IP мекен-жайлары» бойынша жалған кәсіпорындардың есептерін талдау, жауап алу, бетпе – бет жауап алу, құжаттарды қарау сияқты кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуі, қылмыстық істердің арасындағы байланысты, қылмыстық іс әрекеттің жүйелілігін, сондай-ақ күдіктілердің шеңберін анықтауға көмектесті.

Тергеушілер таңдаған қылмыстық істі тергеу тактикасы оң нәтижесін беріп, нәтижесінде күдіктілер тергеуге көмек жасап, қылмыстық іс әрекеттің толық механизмін ашып, барлық ұйымдастырушылар мен қылмыстық топтың қатысушыларын анықтады.

Тез арада жалған кәсіпорын қызметінің қылмыстық сұлбасы ашылып, 16 белсенді мүшеден тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Тергеумен ұйымдасқан қылмыстық топтың Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған 55 кәсіпорынды құруға қатысы бар екендігі анықталды.

Бүгінгі күні соттың үкімі бойынша қылмыстық топтың белсенді мүшелері мүліктерін тәркілеумен 7 жылға бас бостандықтарынан шектелді.

Сонымен қатар, Экономикалық тергеу қызметінің назары қылмыстық жолмен алынған ақша қаражаттарын заңдастыру мен оларды заңсыз қолма қолдырудың алдын алуға аударылып отыр.

Департамент ағымдағы жылы екінші деңгейлі банктерде 34,9 млн. теңге ақша қаражаттарын қолма қолдыру барысында 5 топ ұсталды.

Сонымен қатар, 3 қылмыстық іс бойынша екінші деңгейлі банктерде ашылған 67 млн. теңгенің есеп шотына шектеу қойылды. 

Қазіргі уақытта барлық қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Департамент жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 2014-2015 жылдары жалған кәсіпкерлік қызметімен айналысқан бір топты 800 млн. теңгенің есеп шотын жазып беру барысында қолға түсірді.

Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық істер бойынша мәмілелерді заңсыз деп тану туралы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Соынмен қатар, биылғы жылы Экономикалық тергеу қызметі бизнеске жүктемені азайтып, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол бермеу, бизнестің және тұрғындардың экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі органға деген сенімін арттыруға баса назар аударып отыр.

ШҚО бойынша МКД ЭТҚ