
Уақыт: сағат 15-00
19.06.2023 жыл Өскемен қаласы
Төраға:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) басшысының орынбасары - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуін Жұмыс тобының жетекшісі Е.С. Ктанов.
Қатысқандар:
1. «Салық кеңесшілерінің Палатасы» қоғам бірлестігінің ШҚО бойынша өкілдігінің басшысы И.А. Затонова;
2. Шығыс Қазақстан облысы Аймақтық кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің 1 деңгейдігі сарапшысы А.Д. Маратов;
3. ШҚО бойынша МКД басқармалардың басшылары, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуін Жұмыс тобының мүшелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылауды ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Е.С. Ктанов ашып, жиналғандарды қошеметтеп, шараға қатысқандары туралы айтып берді.
ШҚО бойынша МКД жұмысында ағымдағы жылдың сәуір-маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу» №4 ҮҮБ жобаларын орындау бойынша Нұсқаулыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды жүргізуге қажет.
Осыған байланысты, біз бүгін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды жүргізіп отырмыз.
Содан кейін сөз кезегін ШҚО бойынша МКД АРБ қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы С.Г. Қуанышевқа берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 5 тармақшасының негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-Комитет) 2023 жылғы 05 сәуірдегі № КГД-06-2-15/3515-И, 2023 жылғы 11 сәуірдегі №КГД-06-2-15/3730-И, 2023 жылғы 14 сәуірдегі №КГД-06-2-15/3952-И тапсырмалардың орындау мақсатында ШҚО бойынша МКД жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілген болатын.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі актілердің негізінде жүргізілген:
- «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу бойынша үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығының;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі-Әдістемелік ұсынымдар);
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі ұстанымдарға негізделеді:
1) объективті;
2) анықтылығы;
3) ашықтығы;
4) жан-жақтылығы.
Комитеттің тапсырмасына сәйкес талдау анықтамасы мен анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шара жоспарын Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар барлық жұмыс процестері бекітілгеннен кейін ғана, қалыптастырылады.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмауға бағытталған болуы тиіс
Барлығы Комитетімен ШҚО бойынша МКД жұмысында 2 сыбайлас жемқорлық тәуекеліне келісім жасалынды.
1. Салық кодексінің 118 бабының 1 тармағының 7 тармақшасына 2023 жылдың басынан енгізілген өзгерістердін негізінде Салық кодексінің 96 бабы 4 тармағы бойынша хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарған кезде салық төлеушiнің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмi шығарылмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және бизнеске негізсіз кедергілерді болдырмау мақсатында КБНР АЖ келесі өзгерістерді ұсынамыз:
Камералдік бақылау хабарламаларды орындамаған жағдайда салық төлеушiнің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн қалыптастыруды (кері қайтару) Мемлекеттік кірістер басқармалардың (бұдан әрі-МКБ) басшысының орынбасарымен, ал МКБ басшысының орынбасары жоқ жағдайда, МКБ басшысымен міндетті түрде келісуді туралы енгізуді ұсынамыз.
Комитетімен 2023 жылдың 07 маусымдағы № КГД-13-3-12/26731-МКК хатымен осы ұсыныс қолданып отыр.
2023-2024 жылдарда СААЖ енгізу шеңберінде осы тапсырма қойылды.
Қазіргі уақытта осы бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп жатыр.
2. Қазақсан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘКБК) 524 бабының санкциясы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде мемлекеттік кіріс органын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабардар етпеу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Шетелдік заңды тұлғасы ретінде жұмыс атқаратын жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қай кәсіпкерлік субъектісіне жататынын анықтау тиіс. Алайда осыны анықтауды бір мәселені туындайды, себебі Қазақстан республикасының заңына байланысты шетелдік заңды тұлғаның субъектісін анықтау мүмкін емес, ал жүргузішінің тиесілі елдің ұлттық заңы бойынша субъекті болмауы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойылу үшін баптың санкциясына кәсіпкерлік субъектісіне қарамай шетелдік заңды тұлғаларға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза ретінде енгізу қажет.
Комитет 2023 жылдың 13 маусымдағы № КГД-10-3-14/29190-МКК хатына сәйкес Қомитет ӘҚБК жоғарыдағы көрсетілген бабына өзгерістерді енгізуді қолдайды, алайда реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізуімен қоса. ӘҚБК 524 бабына өзгерістерді енгізу болжамды мерзімі 2025 жыл болып табылады.
Осымен ШҚО бойынша МКД жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелерін талқылауы аяқталды.
Хатшы С. Куанышев