Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (әрі қарай мәтін бойынша-Департамент) аудандық (қалалық) мемлекеттік кірістер басқармаларына қатысты жоғары орган болып табылғандықтан, Салық кодексінің 686-бабына сәйкес, төмен тұрған басқармалардың құқықтық актілері мен лауазымды адамдардың әрекеттеріне қатысты салық төлеушілердің шағымын қарауға құқылы.
Қазіргі таңда, арыз берушілер тарапынан жазғыру Департаменттің шағымды қарау кезеңіндегі әрекетті және сол бойынша қабылданатын шешімді немесе құқықтық актілерді орындауды тоқтата тұрудан бас тартуына әкеледі.
Осыған байланысты, Департамент, ағымдағы жылдың 01 қаңтарынан бастап «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіруді қажет деп санайды. Заңға сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымдану осы Заңмен белгіленеді.
Осы мақсатпен Заң 4-1 бөлімімен «Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым жасау» толықтырылған, онда шағымның мазмұнына қойылатын талаптарына шағым беру тәртібі мен мерзімі, сонымен қатар жоғары тұрған мемлекеттік органмен шағымды қару тәртібі мен мерзімі белгіленген.
Сонымен бірге, жекелеген бабпен шағымды беруге байланысты мемлекеттік органның актісін (шешімді) орындауға, лауазымды адамның әрекетін тоқтата тұруға қатысты нормалар бекітілген.
Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, шағым беру лауазымды адамның әрекетін, мемлекеттік органның шағым жасалып отырған актісінің (шешімінің) орындалуын тоқтата тұру Заңның 20-5-бабымен белгіленген.
Өз кезегінде, салықтық тексеру нәтижелері туралы шағымданатын хабарламаны орындауды тоқтата тұру ғана қарастырылған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің шегінде жолданатын хабарлама немесе әрекет шағымдалынады. Сонымен бірге, хабарламаның басқа да түрлеріне шағымдану, сол сияқты салықтық борышты өндіру шаралары мен тәсілдерге шағымдану, осындай хабарламалардың (тәсілдер, шаралар) орындалуын тоқтата алмайды.
Сонымен қатар, тәжірибеде салықтық міндеттемелері мерзімінде орындалмаған қамтамасыз ету тәсілдерінің белгіленген қабылдау мерзімі өткенге дейін салықтық борышты өтеу туралы хабарламаларға салық төлеушілердің шағымдануы кездеседі. Алайда, шағымның мұндай түрін беру мерзімнің өтуін тоқтата тұра алмайды және аталған салық төлеушіге қатысты хабарламаны берген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін, касса мен банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады, он бес жұмыс күні өткеннен кейін-мүлікке билік етуге шектеу жасау туралы шешім, ал жиырма жұмыс күні өткеннен соң-банк шотарына инкассалық өкімдер қойылады.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді ұсыну бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне Департаментке шағымдану, мұндай өкімнің әрекетін тоқтатпайды, сондықтан шығыс операциялары тіпті шағымдану кезінде де тоқтатылып тұрады.
Осылайша, шағымдану кезеңінде шағымдалатын әрекеттерді немесе құқықтық актілерді тоқтата тұру бойынша шара қолданбау заңды деп танылады және қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзбайды.
ШҚО бойынша МКД заң
басқармасының басшысы
О.Ю. Лезгиева