Жарияланған күні: 12.08.2022 12:16
Өзгертілген күні: 12.08.2022 12:17

Салық және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алу мемлекеттік кіріс органдары салық төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асады.

Жеке шоттарда салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түскен сомалары төлем тапсырмасында салық төлеушінің-ақша жөнелтушінің БСН немесе ЖСН белгісі бойынша  бюджет кірісі жіктемесінің кодтары бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары салықтарды есепке алуды «Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шот» ақпараттық жүйесінде (ОБЖШ АЖ) жүргізеді. Бұл ретте ОБЖШ АЖ-де бюджетке төлемдерді жеке шоттарға тарату төлем тапсырмасының «ақша жөнелтуші» және «төлем белгілеу» бағандарында көрсетілген салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.

Сот орындаушысы борышкерден ақшалай қаражаттар алған кезде атқарушылық өндіріс шеңберінде борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді төлеген кезде мынадай жүйелілікпен «төлем белгілеу» бағанында алдымен төлем жүзеге асырылатын борышкердің ЖСН, оның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не тегі мен инициалдары, төлемнің белгіленуі көрсетілуі тиіс.

 

ШҚО бойынша түсіндіру жұмысы басқармасы