
Қазіргі таңда Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдауға көп көңіл бөлінуде. Бизнесті қолдау бар заңдарды қолдану және жаңа қолдау шаралары бойынша көптеген заң актілері мен нормалық құжаттарда өзгерістер еңгізіліп отырады. Соның қатарында, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің шеңберінде салық саясаты жүзеге асады. Мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық базаны өзгерту жөніндегі шаралардың жиынтығы салық саясаты болып табылады (Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 11бабы). Салық саясаты жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпке сәйкес салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта бизнесті қолдау шалалары ретінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің келесідей баптары қолданылады:
1)225-баптың 2тармағының 23 тармақшаларында «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы операторы болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны».
2) 394баптың «Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың 38 тармағы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамына осы Кодекстің 399-бабы 1-тармағы. Немесе 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын бұрын әкелінген шикізат және (немесе) материалдар кірсе. Өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуді көрсетілген көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізетін заңды тұлға жүзеге асырса; Көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесіне енгізілген жағдайда...»
2019 жылдың 9 ай бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен салықтар мен міндетті төлемдер түсімі жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өскені байқалады. Мысалы, «Бірыңғай жер салығы» 104501 БКС 6,3 млн.теңгеге немесе 121,2% өскен. Сонымен бірге, «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» 101110 БКС 69,1 млн.теңге соммасында өссе; «Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы» 105101 БКС бойынша өсім 101,0 млн.теңгені құрады.
Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінен «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» 101110 БКС түсімі 1604,3 млн.теңгеге немесе 119,5% өскен.
Шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қолдану нәтижесінде салық салынудан босатылған кірісті салықтөлеушілер бизнесті дамытуға заманауи жабдықтарды сатып алуға және жалданбалы жұмысшылар еңбек ақысын өсіруге бағытталады.
Бұл кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігін және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту саясатының сәтті жүзеге асуын көрсетеді.