
Бүгінгі күнге Қазақстанда өте үлкен жасырын жалақы көлемін байқаймыз (бұл еңбек келісімшарттары ресми жасалмаған қызметкерлердін табысы және ресми қызметкерлердің «конверттегі» жалақылары). Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, бейресми сектор жұмыспен қамтылған халықтын 30% құрайды, қызметкерлердің дәл осындай бөлігі жұмыс істейді бірақ салық төлемейді.
Жұмысшыларға қатысты «сұр жалақының» кемшіліктері
Енбек қатынастарын тіркемеу жұмыскерлерді әлеуметтік сақтандырудан, әлеуметтік кепілдіктерден және еңбек заңнамасында көзделген басқа да құқықтардан айырады. Жанжал жағдайлары туған кезде және, мысалы, жалақы мөлшері бойынша, жұмыс беруші келісім шарттарын бұзған кезде, жұмыс берушінің кінәсін дәлелдеу және кызметкердің құқығын қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде (ауру, жұмыстағы жарақат) мұндай қызметкерлер мемлекеттің әлеуметтік қорғалуынсыз қалады. Жұмысшылар ақылы еңбек демалысын алу, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа шығу, штат санын қысқартқаны үшін төленетін жәрдемақысын алуға мүмкіндігін жоғалтады, сонымен қатар бала күтімі бойынша жәрдемақы ресми тіркелген қызметкерлерге қарағанда әлдеқайда төмен. Жұмыс беруші зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың және медециналық сақтандырудың тиісті сомаларын аудармайды. Болашақта бұл төмен зейнетақы мөлшерінің болуы, әлеуметтік кепілдерінің болмауына, несие ала алмауына, енбек өтілі мен еңбек кітапшасының болмауына әкеледі.
Жұмыс берушіге қатысты «сұр жалақының» кемшіліктері
Жұмыс берушігеде «сұр жалақының» пайдасы аз, еңбек нарығындағы мұндай орын онша тартымды емес, кадрлардың тұрақтамауы, білікті мамандар мұндай жағдайда жұмыс істегілері келмейді, еңбек міндеттерінорындау кезінде жұмысшылардын жауапкершілігі төмен болуына әкеледі.