Жарияланған күні: 29.03.2016 15:53
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес,  2014 жылдың 1 қыркүйегінен мүлік пен капиталды жария ету басталды (ары қарай - Заң).

2015 жылдың 13 қарашасында мемлекетіміздің Елбасымен мүлікті жария етуді іске асыру жолында жаңа тәсілдер анықталған өзгерістер және толықтырулармен Заңға қол қойылды.   

      Өзгертілген Заңның күшіне енген уақытынан  бастап, мүлікті және ақша қаражаттарың жария ету тәсілдері маңызды жеңілдетілді.

      Бұрын, ақша қаражаттарың жария ету екінші деңгейдегі банктер және «Казпочта» АҚ (ары қарай – қаржы ұйымдары) арқылы іске асырылатын, онда міндетті, жария етілген ақша 5 жыл ағымында қаржы ұйымдарында сақталуы талап болып табылатын, сондай-ақ, ақша қаражаттарың жария етудің шарты бойынша 10% алымның төленуі болған.

      Енді, егер ақша отандық  банктердің шотына аударылса, алымның төленуі қажет емес. Осымен бірге, жария етуге қатысушыларға ақшаны жария ету тәсілдерін таңдауға мүмкіндік берілді, 1-сі –  алымның төленуінсіз банктік шотқа ақша қаражаттарын салу арқылы, 2-сі – ақша қаражаттарың банктік шотқа салмай, 10%-дық алым төлеу арқылы.

         Екі жағдайда да жария ету субъектісі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырады.

Жария етілген ақшаны жария ету субъектісі өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни, ақша қаражаттарын өзгеріс енгізге дейінгі Заңға сәйкес жария етсе, және қаржы ұйымымен бес жылдық сақтуға келісім-шарт жасалса, қазір осы келісімдердің бәрі банктермен қайта қарастырылып, жария ету субъектісі жария етілген қаражатпен өз қалауымен және кез-келген уақытта қажеттіліктеріне жұмсай алады.

Сондай-ақ, мүлікті жария ету шаралары барынша жеңілдетілді.

Аумақтардағы әкімдіктердегі комиссияларға  азаматтар ҚР аумағында орналасқан және сәйкес рәсімделмеген, яғни, тіркелмеген  жылжымайтын мүлік объектілерін жария ету үшін жүгінеді.

Мемлекеттік кірістер департаменті арқылы сәйкес декларацияны тапсырып, келесі жылжымайтың мүліктер жария етуге жатады:

-  Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлік (мүлікті заңдастыру декларацияға қоса жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі);

 - шет елдерде орналасқан мүлік бойынша (декларациямен қоса жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесі бірге табыс етіледі) мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі. Сондай-ақ, мүлік құны жария ету субъектісімен өзімен анықталып, тексерілуге жатпайды.

Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органдары  арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды береді.

Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.

ҚР аумағындағы мүлік бойынша арнайы декларация қабылданған соң, жария ету субъектісі мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесімен ҚР заңнамасына сәйкес мүлікті тіркеу үшін әділет органдарына жүгінеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарында Заңмен қарастырылған кұжаттарды қоса табыс етіп (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, меншік құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі) және арнайы декларация тапсыру арқылы ҚР аумағындағы және одан тыс жердегі бағалы қағаздарды, заңды тұлғаның жарғы капиталдында  қатысу үлесін заңдастыруға болады.

 Жария етудің қарапайым тәсілдерін есепке ала отырып, мемлекетпен берілген қолайлы жағдайды жіберіп алмай,  тұрғындарды бірегей мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!