Жарияланған күні: 21.05.2021 15:46
Өзгертілген күні: 21.05.2021 16:15

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті www.kgd.gov.kz мекенжайы бойынша ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурсында "Салық төлеуші ретінде тіркеу" салықтық өтінішін, атап айтқанда бейрезидент – заңды тұлғаларға беруге мүмкіндік беретін жаңа ыңғайлы функционал іске асырылғандығын салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

Салықтық өтініш беру үшін  https://kgd.gov.kz/ru/nonresident/register сілтеме бойынша интернет-ресурсында тіркелу қажет. Порталда келушіні тіркеу функциясы пайдаланушыға сайт материалдарына қол жеткізудің белгілі бір құқықтарын, сондай-ақ сайт мазмұнына әсер етудің қосымша мүмкіндіктерін алу мақсатында өзі туралы деректерді енгізуге және оларды жүйеде сақтауға мүмкіндік береді. Тіркелу үшін келесі деректерді енгізу керек: пайдаланушының аты-жөні, e-mail мекенжайы, аты-жөні, суреттегі код және "Тіркеу" батырмасын басу.

Дұрыс деректер енгізілгеннен кейін жүйе пайдаланушыны порталда тіркейді және электрондық поштаға хат жібереді.

Бұдан әрі "Бейрезидентті тіркеуге өтінімдер журналы" мәзір тармағын таңдау қажет.

Мәзір тармағында өтініш берудің келесі себептеріне сілтемелер бар:

- Салық төлеуші ретінде тіркелу;

- Куәлікті бермей тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру;

- Куәлікті бере отырып, тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру.

Бейрезидентті тіркеуге өтініш пайдаланушының жеке кабинетінде толтырылады. Өтінішке бейрезидент туралы мәліметтерді растайтын сканерленген құжаттар қоса тіркеледі. Уәкілетті органға өтініш бергеннен кейін "Сақтау" батырмасын басу қажет, егер өтініште барлық жолдар толтырылған болса, онда экранда сәтті жіберілгені туралы хабарлама беріледі. Сондай-ақ, бейрезидентті тіркеуге өтініштер журналында уәкілетті органда өтінішті қарау мәртебесін қарау, бейрезидентті тіркеу туралы куәлікті жүктеу мүмкіндігі ұсынылған. Өтінішті уәкілетті органда өңдеу нәтижесі туралы жауап хат электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы