
Инфляцияның өсуіне, азық-түлік және мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын өнімдерді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары» бекітілген электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, тас көмір және астық» (бұдан әрі - Пилоттық жоба), қолданылу мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Пилоттық жоба кезеңінде өндірушілер, импорттаушылар,заңды тұлғаларға сату кезінде жер қойнауын пайдаланушылар, жеткізушілер Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген немесе әлеуметтік маңызы бар импорттық азық-түлік өнімдері (бұдан әрі - ӘМАТ), көмір және астыққа жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өткізу кезінде Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына сәйкес электронды шот фактураларын жазып шығарады.
Электродық шот – фактуралар үш тәсілмен тапсырылады: esf.gov.kz
порталында, салық төлеушілерді есепке алу жүйелері арқылы немесе ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында.
Қазіргі уақытта уәкілетті орган пилоттық жобаны 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту бойынша жұмыс жүргізуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне (2023 жылғы 11 мамыр № 166-НҚ ҚР ҮҚ) мыналар жатады:
-бірінші сортты бидай ұны;
- бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) ;
- рожки (өлшеніп салынатын);
- қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын);
- тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
- картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат;
- ақ қант – құмшекер;
- күнбағыс майы;
- сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
- тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
- пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;
- майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;
- сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
- тауық жұмыртқасы (I санатты);
- аc тұзы ("Экстра" -дан басқа);
- сүзбе: майлылығы 5-9%.