Жарияланған күні: 29.03.2016 17:36
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2016 жылдың 25 наурызында  18.11.2015ж. №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» және 23.11.2015ж. ҚР№416  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңын тәжрибеде қолдану және түсіндіру бойынша Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің,  Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің  басшысы Токтамыс Кадошевич Жумагуловтың, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары  Ж. Кабдолдақызының, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаменттің жемқорлық профилактикасы бойынша басқарма басшысы М.С.  Кожахметовтың және кадр жұмыстарына жауапты қалалар мен аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері, мамандардың, басқарма және бөлім басшыларының, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кадр қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Еркин Кайырдоллаевич Жолдасбаев «дөңгелек үстел» кеңесінің күн тәртібімен барлық қатысушыларды таныстыра отырып семинарды ашты.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаменттің басшысы Токтамыс Кадошевич Жумагулов өз сөзінде ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгертулермен таныстырып өтті. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне орналасу конкурстарының жүргізілу тәртібі, жұмыстан босату мен қабылдау туралы айтып өтті.

Сонымен қатар,  Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаменті жұмысының негізгі мақсаттары жайлы мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы толығырақ (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жариялау, сыбайлас жемқорлық қауіпінің талдауын жүргізу) әңгімелеп берді.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Кабдолдақызы мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз тәртіптік жазаға тартылуы және конкурс тәртіптерін бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілік туралы қатысушылардың назарларына жеткізді. Ол сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік органдары қызметінің бастапқы бағыттарының бірі болып табылатындығын Елбасымен анықталған. Ж.Кабдолдақызымен келесі сандар көрсетілді: мемлекеттік қызмет тізіміне енгізілген өзгертулерді есепке ала отырып Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаментіне есеп беретін мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен барлығы 408 қызмет түрі, оның ішінде 107 жергілікті атқарушы органдар мен  ведомствоға қарасты ұйымдармен, 231 қызмет түрі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетіледі.  Облыс аумағында қызметтер мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен көрсетіледі, соның ішінде мемлекеттік қызмет берушілерге 11 құқық қорғау ведомстволары жатады және ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бар.

Атап айтқанда экономикалық тергеу қызметі. ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 43 қызмет түрі бойынша 1 321 738 қызмет түрлері, олардың ішінде ХҚКО арқылы-31, электронды түрде - 1 149 543 көрсетілген. Сонымен бірге, «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»Заңының 29 бабы 1 тармағына сәйкес, қоғамдық ұйымдардың Зерттеу институтының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шегінде қоғамдық мониторинг жүргізілді. Зерттеу барысында, 39 мемлекеттік қызмет бойынша 8000 аса сұхбат берушілерден сұхбат алынды. Аймақтарды бағалау бойынша зерттеу қорытындысы бойынша қызметке 8.5 ұпаймен қанағаттанушылық көрсеткішімен ШҚО 2-ші орын алды. 2014 жылы бұл көрсеткіш 8.1 ұпайды құраған. Жалпы алғанда қызмет алушылар мемлекеттік қызметті көрсетуде оң баға беруде.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаменттің жемқорлық профилактикасы бойынша басқарма басшысы М.С.  Кожахметов жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша бірқатар ескерту шараларының негізгі кезеңдері туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстелді жүргізу барысында кадрлық жұмысқа жауапты облыстың қалалар мен аудандар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерінен бірқатар сұрақтар беріліп, оларға тиісті жауаптар алынды.