
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығымен бекітілген.
"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "АСТАНА-1" (бұдан әрі - АЖ) кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі" арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу тәртібі
Қағаз (жазбаша) нысанда, егер көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық нысанда кедендік декларациялауды іске асыруын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, қызмет көрсетілуі мүмкін.
ТД-ны қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге ТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын қағаз жеткізгіштегі құжаттарды, сондай-ақ оның электрондық түрін ұсынумен:
1) тауарлармен мәміле жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;
2) көліктік (тасымалдау) құжаттар;
3) тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;
4) тауарлардың шығарылуы туралы құжаттар;
5) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
6) кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Қызметтерді электронды түрде алу үшін:
1. "Электрондық үкімет" www.egov.kz. Web-қосымшасы порталына авторизациядан өту. "Кеден және салықтар" қосымша бетіне өту, одан әрі "Кеден" қосымша бетінде "Тауарларды кедендік тазарту"қызметін таңдау. Бұдан әрі, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басып, "Астана-1" кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің сайтына өту қажет.
"АСТАНА-1" АЖ-мен жұмысты бастау үшін:
1-қадам. http://212.154.167.54:8080/index.jsf сілтемесі бойынша өту;
2-қадам. JAVA параметрлерін баптау. Ол үшін: БАСТАУ– БАРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР-JAVA-CONFIGURE JAVA мәзірін таңдау қажет;
3-қадам. Ашылған терезеде келесі баптауларды жасау қажет: Security жоғарғы мәзірінде Exception site list бөлімінде АСТАНА-1 АЖ үшін ерекшелік қосу керек. Ол үшін Edit Site list пернесін басамыз. Содан кейін ашылған терезеде Add түймесін басып, http://212.154.167.54:8080 адресін қосып, одан әрі ОК басыңыз;
4-қадам. Бұдан әрі, сыртқы пайдаланушылар үшін АСТАНА-1 АЖ іске қосу үшін файлды жүктеу қажет. Ол үшін "ИНТЕРНЕТТЕН КЕДЕН ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУ" батырмасындағы пернені басу керек. Осыдан кейін сізден осы файлды сақтау сұралады. ОК батырмасын басыңыз;
Жүктеу аяқталғаннан кейін бұл файл іске қосылады. Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, жүктелген AWhqLO_OUT.jnlp файлын іске қосқаннан кейін логин мен парольді енгізу үшін терезе пайда болады.
Жүйеде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасына (бұдан әрі – ШҚО бойынша МКД) логин және пароль алу үшін өтінішпен (еркін нысанда) жүгіну қажет. ЭЦҚ - мен авторизациядан өткеннен кейін "Тауарларды декларациялау" - "Тауарларға декларация" - "Жасау" декларациясын қалыптастыруға көшіңіз.
2. Өтініш беруші экспорттық-импорттық операциялар үшін Бірыңғай терезе порталы арқылы берген жағдайда:
Интернет көмегімен браузерде Еokno.gov.kz адресін енгізіңіз және "Электрондық декларациялауға" басыңыз. Әрі қарай AWhqLO_OUT jnlp. файлы автоматты түрде жүктеледі. Осыдан кейін:
1-қадам. JAVA параметрлерін баптау. Ол үшін: БАСТАУ– БАРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР-JAVA-CONFIGURE JAVA мәзірін таңдау қажет;
3-қадам. Ашылған терезеде келесі баптауларды жасау қажет: Security жоғарғы мәзірінде Exception site list бөлімінде АСТАНА-1 АЖ үшін ерекшелік қосу керек. Ол үшін Edit Site list пернесін басамыз. Содан кейін ашылған терезеде Add түймесін басып, http://212.154.167.54:8080 адресін қосып, одан әрі ОК басыңыз;
4-қадам. Бұдан әрі, сыртқы пайдаланушылар үшін АСТАНА-1 АЖ іске қосу үшін файлды жүктеу қажет. Ол үшін "ИНТЕРНЕТТЕН КЕДЕН ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУ" батырмасындағы пернені басу керек. Осыдан кейін сізден осы файлды сақтау сұралады. ОК түймесін басыңыз, логин мен парольді енгізу терезесі пайда болады.
Жүйеде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасына (бұдан әрі – ШҚО бойынша МКД) логин және пароль алу үшін өтінішпен (еркін нысанда) жүгіну қажет. ЭЦҚ - мен авторизациядан өткеннен кейін "Тауарларды декларациялау" - "Тауарларға декларация" - "Жасау" декларациясын қалыптастыруға көшіңіз.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын айқындауды қоспағанда, электрондық ТД-ны беру көрсетілетін қызметті берушінің онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуымен сүйемелденбейді.
Қызмет нәтижесі:
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қабылдаған, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды ақпараттық жүйе арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, тауарларды шығару шешімі туралы хабарлама немесе негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Тауарларды шығару мерзімдері "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 193-бабының нормаларымен белгіленген.
1. Тауарларды шығару тауарларға арналған декларацияны электрондық құжат түрінде тіркеген кезден бастап 4 (төрт) сағат ішінде аяқталуға не Кодекстің 193-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлардың біреуі басталған кезден бастап төрт сағаттың ішінде, ал, егер кедендік декларация қызмет берушінің жұмыс уақыты аяқталғанға дейін кемінде төрт сағат бұрын тіркелген не Кодекстің 193-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлардың біреуі қызмет берушінің жұмыс уақыты аяқталғанға дейін кемінде төрт сағат бұрын басталған жағдайларда,– Кодекстің 193-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы қызмет берушінің жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттың ішінде аяқтауға тиіс.
Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 193-бабында көзделген тауарларды шығару мерзімдері мынадай мән-жайлардың бірі:
1) кедендік декларацияны тіркеген қызмет алушы кедендік декларацияда мәлімделген кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру туралы хабарламаны алған, ал су кемелері тасымалдайтын тауарларға қатысты, – қызмет алушы осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген тауар келген жерде оны түсіруге рұқсат берген болса, – кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер өзгерген (толықтырылған);
2) кедендік декларацияны тіркеген қызмет алушы су кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру туралы хабарламаны алған, – осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсатты қызмет алушы берген, – су кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру немесе кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсатты алғаны туралы хабарламаны қызмет алушы алғанға дейін берілген кедендік декларацияға өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігінің болмауы не кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге енгізілген өзгерістер (толықтырулар) туралы кеден органы хабардар етілген кезде есептеледі.
3. Тауарларды шығару кедендік декларация тіркеген күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, не егер Кодекстің 193-бабының 1-тармағында көрсетілген уақыттың ішінде мына мән-жайлардың бірі:
1) қызмет беруші осы Кодекстің 410-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға сұрау салған және (немесе) кедендік бақылауды өзге нысандарда жүргізу туралы не кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы шешім қабылданған;
2) қызмет алушы қызмет берушіге осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы уәжді өтінішпен жүгінген;
3) қызмет алушы қызмет берушінің осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындамау жағдайы басталған болса, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталғаннан бір күн бұрын аяқталуға тиіс.
4. Кодекстің 193-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларды шығару мерзімі мыналар үшін:
1) осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, басталған кедендік бақылауды жүргізуге немесе аяқтауға;
2) қызмет беруші осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындауға;
3) осы Кодекстің 195 және 196-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға қажет уақытқа ұзартылуы мүмкін.