Жарияланған күні: 05.07.2023 17:56
Өзгертілген күні: 05.07.2023 17:57

Салық заңнамасын  бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік кірістер органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 96-бабында белгіленген тәртіппен анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеушінің атына жібереді.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі-камералдық бақылау болып табылады.

Камералдық бақылау-салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.

Камералдық бақылаудың мақсаты-салық төлеушіге салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) Салық кодексінің 96-бабына сәйкес салықтық есептілііті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру.

Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді салыстыру арқылы жүргізіледі:

Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:

1) салықтық есептілікті;

2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;

3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;

4) Салық кодексінде белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.

Камералдық бақылау шот-фактуралар электрондық нысанда жазып берілгеннен кейін және (немесе) Салық кодексінде белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті табыс ету мерзімі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.

Камералдық бақылау Салық кодексінің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша:

тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.

тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат ресімделеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық кодексінің 96-бабының 2-тармағына сәйкес:

  • анықталған бұзушылықтармен келіскен жағдайда, анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;

-хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына салықтық есептілікке енгізілген деректердің анықтығын растайтын салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға қатысты құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсыну;  

- салық органдары лауазымды адамдарының осындай хабарламаны жіберу жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларациясын камералдық бақылау кезінде келесі бұзушылықтар жиі анықталады:

- салық агенті (заңды тұлға, дара кәсіпкер) 200.00 салық есептілігі нысаны (бұдан ары-СЕН) бойынша айналымдар болған кезде СЕН-да жалдамалы жұмыскерлерді, сондай-ақ өзге де ақпарат көздері негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басқа да белгілері көрсетілмеуі бойынша;

- салық есептілігінің деректері бойынша кәсіпкерлік қызметтен кірістер алынды не өзге де деректер көздерінің негізінде қызметкерлердің болуы болжанады, алайда салық агенті қызметкерлердің есептелген кірістерін декларацияламайды, осыған байланысты жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді (әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) төмендету ықтималдығы туындайды.

Бұзушылық расталған жағдайда: салық төлеуші бұзушылық кезеңі үшін 200.00 салық есептілігінің қосымша нысанын ұсынады. 200.00 нысанда қызметкерлер саны көрсетіледі. 200.00.001 жолында қызметкердің кірістерінен есептелген жеке табыс салығының (ЖТС) сомасы, сондай-ақ тиісті жолдардағы әлеуметтік төлемдер сомасы көрсетіледі. Сондай-ақ, 200.05 нысанды декларацияға № 5 қосымша қызметкерлерді көрсете отырып, толтырылады.

Бұзушылық расталмаған жағдайда: салық төлеуші растайтын құжаттарды ұсынады. Атап айтқанда, жұмыстан босату туралы өтініш пен бұйрық немесе еңбекақысының сақталуынсыз берілген демалыста болуы туралы бұйрық.

Айта кету керек, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы, ол жалдамалы қызметкер ме, әлде компанияның өзі ме, еңбек заңнамасы тұрғысынан осы ұйымның қызметкері болып саналады. ҚР Еңбек кодексінің 140-бабында заңды тұлға басшысының қызметі қалай реттелетіні егжей-тегжейлі сипатталған. Еңбек шарты жасалмайды, бірақ "еңбек қатынастары жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісімен ресімделеді, онда еңбек функциясы, еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі, жұмыс басталған күні, жұмысты орындау орны, сондай-ақ еңбекке ақы төлеудің мөлшері мен өзге де шарттары болуы тиіс".

Еңбек кодексінің 104-бабында жалақы мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауы керек делінген. Сондықтан, кез-келген жағдайда, тіпті жалақы төлеуге ақша болмаған кезде де, қызметті тоқтатқан немесе жаңа ғана ашылған және әлі жұмыс істемеген кезде де басшыға жалақы есептеу керек.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

Салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы "Әкімшілік бұзушылықтар туралы" ҚР Кодексінің 288-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.