Жарияланған күні: 20.12.2019 15:07
Өзгертілген күні: 20.12.2019 15:09

Бүгінгі таңда цифраландыру технологияны дамыту экономикасының негізгі бағаттарының біріне айналды. Сандық технологияны дамыту экономикалық дамудың басым бағыты болып табылады. Қазақстандағы  Цифрлық Қазақстан, Электрондық үкімет сияқты бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру республикада технологияның қарқынды өсуіне негіз болды.Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің заманауи технологиялары жетілдірілуде. Төлеушілерге қызмет көрсету сапасы мен қарқынын жақсарту мақсатында мемлекеттік кірістер органдары электрондық жүйе құрды.

Салық төлушілер мен мемлекеттік кірістер  органдарының арасындағы маңызды өзара іс-қимыл тіркеуге тұрғаннан бастап салық есептілкті ұсыну және басқа құжаттарды нақтылауды қамтамасыз ететін әрекеті болып табылады және деректерді сақтау мен өңдеудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Электрондық құжат алмасудлың екі жағы үшін де көптеген артықшылықтары бар: уақыты үнемдеу, кез келген уақытта есептілікті тапсыру, қателікті жоюға арналған автоматтық жүйе, шаблондар мен анықтамалықтардын кол жеткімділіг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мүмкіндігі.

Сонымен қатар, салықтық есептерді жіберуге және сұраныстардың белгілі бір түрлеріне жауап алу мүмкіндігіне қосымша, әр түрлі ақпарат алу үшін, жеке шоттардың күйін бақылау мүмкіндігі.

Камералдық бақылау жүйесінде салық міндеттемелерін электронды түрде орындау кезінде көптеген артықшылықтар бар. Сонымен, қашықтықтан бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар туралы салық төлеуші кабинетіне бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберіледі, құжатты орындау мерзімдерін көрсете отырып уақтылы орындамаған жағдайда қабылданатын шаралар туралы ақпарат және анықталған бұзушылықтын кезеңі мен мәні көрсетіледі. Электрондық айырбастау жүйесі салық төлеушіге растау туралы өтінішпен электронды түсініктеме беруді қарастырады. Мемлекеттік кірістер органдары электрондық түсіндермені алғаннан кейін, түсіндермені қабылдау туралы шешім немесе қабылданбауы туралы шешім шығарылып, салық төлеушіге электронды түрде жіберіледі.

Осылайша, салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарына электронды байланыс арқылы  түсіндерме беріп немесе қосымша салық есептілігін  табыс етіп  бұзушылықты жоя алады.

Бүгінгі таңда электронды айырбастау мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушінің өзара әрекеттесудің ең тиімді әдісі.