Қаржы пирамидасы – бұл тұрғындардың қаражаттарын қандай да бір инвестициялық жобаларға тарту, бірақ шын мәнісінде ешқандай инвестициялық қызмет жүзеге асырылмайды және жобаның алдыңғы қатысушыларына ақы төлеу, тек жаңа қатысушылардың қаржысын тарту есебінен ғана жүргізіледі.
Қаржы пирамидаларының қауіптілігі неде? Ерте ме кеш пе қаржы пирамидалары банкроттықа ұшырайды. Бұл жаңа клиенттердің ақшаларының бұрынғыларға пайыз төлеуге жетпеген уақытта болады.
Мұндай компаниялардың құруы аяқ астынан, сіз оның қай уақытта болатынын білмейсіз және өз ақшаңызды қайтарып ала алмайсыз. Қаржы пирамидасы сіз ақшаңызды әкелген күннің ертесінде-ақ құруы мүмкін. Кейде жылдап қызмет етеді, бұл уақытта сіздің пайда көруіңіз де мүмкін, бірақ бұл тек сіздің соңыңыздан келген адамдардың есебінен ғана болады, айналып келгенде түбі банкроттыққа әкеп соғады.
Сонымен, егер сізге ақшаңызды төменде көрсетілген белгілердің тым құрығанда бірі бар компанияға салуды ұсынар болса, абай болыңыз, бұның қаржы пирамидасы болуы әбден мүмкін.
- Сату көлемімен байланыссыз төлемдер;
- Үлкен пайыздар мен тез баюға уәде беретін жарнаманың болуы;
- Сауатты сатушылар, уәдені үйіп төгетін презентациялар, әдемі сайттар, жарнамалық таратылымдар, бұлардың барлығы қатысушыларға қанша табыс табатындарын, олардың қандай жолы болғандықтары туралы айтып береді;
- Адамдардың басым көпшілігіне таныс емес арнайы спецификалық терминдерді пайдалану - форекс, стокс, фьючерс, трейдинг және тағы басқалар;
- қатысу үшін ақы төлеу, бірақ ол көп адамдар үшін қол жетімді сома болып табылады, мысалы үшін 5-10 мың теңге.
- Ұйымдастырушылар, құрылтайшылар туралы мәліметтерді жасыру;
- өзіңнен басқа қосымша екі адамды тарту.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Tulpar888», «Million888» жобаларына азаматтарды тарту қаржы пирамидасының жарқын көрінісі болып табылады.
Сонымен бірге, облыс тұрғындарын қаржы пирамидаларын құрып ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін, ол үшін мүлкін тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын ескерткіміз келеді.
ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі