Жарияланған күні: 05.09.2016 16:31
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Конституция күні қарсаңында ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Б.Камалханұлы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Е.Ерғожиннің алғыс хаттарын мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін  ерекше көзге түскен Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс хаттарын табыс етті.

Кездесу барысында Бәделхан Камалханұлы өз қызметтерінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, өздерін нағыз кәсіби маман ретінде көрсетіп үлгерген қызметкерлерді тәрбиелеп, өсіріп жеткізген ата-аналарына шын көңілмен алғыс айтып, зор ықыласын білдірді. 

Заңсыз кәсіпкерлік пен жалған ақшаға қарсы күрес бөлімінің бас маманы аға тергеуші Карменов Мақсат мемлекеттік кірістер органдарында 2015 жылғы шілде айынан бастап қызмет етеді, бірақ осы аз уақыттың өзінде қызметінде  жоғары нәтижелерге жетіп үлгерді.

М.Карменовтың қызметке тағайындалған сәтінен бастап оның қарауына жалған кәсіпорындарды құру фактілері бойынша қылмыстық істер берілді, тергеудің алғашқы уақытында жалған кәсіпорындардың номиналды басшылары қылмыстық топты ұйымдастырушылардан қорқып, өздерінің қызметтерінің заңды екендігі туралы куәлік еткен.

Аға тергеуші М.Карменовтың тергеу барысындағы белсенділігінің, тұрақтылығының негізінде номиналды директорлар (40 артық адам) заңды кәсіпкерлікпен айналыспағандары туралы куәлік етіп, қылмыстық топтың басқа белсенді мүшелерін анықтауға көмектескен.

Дер уақытында жоспарланған және өткізілген тінту, алу, «IP мекен-жайлары» бойынша жалған кәсіпорындардың есептерін талдау, жауап алу, бетпе – бет жауап алу, құжаттарды қарау сияқты кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуі, қылмыстық істердің арасындағы байланысты, қылмыстық іс әрекеттің жүйелілігін, сондай-ақ күдіктілердің шеңберін анықтауға көмектесті.

Аға тергеуші М.Карменов таңдаған қылмыстық істі тергеу тактикасы оң нәтижесін берді, нәтижесінде күдіктілер тергеуге көмек жасап, қылмыстық іс әрекеттің толық механизмін ашып, барлық ұйымдастырушылар мен қылмыстық топтың қатысушыларын анықтады.

Тез арада жалған кәсіпорын қызметінің қылмыстық сұлбасы ашылып, 16 белсенді мүшеден тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Тергеумен ұйымдасқан қылмыстық топтың Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған 55 кәсіпорынды құруға қатысы бар екендігі анықталды.

Бүгінгі күні соттың үкімі бойынша қылмыстық топтың белсенді мүшелері мүліктерін тәркілеумен 7 жылға бас бостандықтарынан шектелді.

Жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу басқармасының бас маманы Отарова Құралайдың ата анасына да комитет төрағасының алғыс хаты табыс етілді. Құралайдың мемлекеттік кірістер органдарында қызмет еткеніне көп уақыт өткен жоқ. Өзі әдемі өзі  жас, өзі ақылды  Құралай екі апта бұрын тұрмысқа шықты. Ол әрі спортсмен, Департаменттің спорттық өміріне  де белсене араласады, жуырда құқыққорғау органдары мен күш құрылымдары арасындағы жеңіл атлектикалық кросста екінші орын алды.

Бас маман – аса маңызды істер жөніндегі аға офицер Серік Ақатайұлы Аяғанов тәжірибелі маман, құқыққорғау органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарады.

Тек 2016 жылы С.Аяғанов заңсыз банкроттық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі ашып, ҚР ҚМ МКД экономикалық тергеу қызметтерінің басқа аумақтарынан келген 27 жекеше тапсырманы орындады.

С.Аяғановтың жүргізген жедел іс шараларының нәтижесінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу ниетінсіз, заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттарын қолма қолдырумен айналысу үшін жалған тұлғалардың атына жалған кәсіпорындар ашып,  мемлекетке 600 млн.теңге салық төлеуден жалтарғандарға қатысты қылмыстық істер қозғалды.

Жалған кәсіпорынның екі ұйымдастырушысы екінші деңгейлі банкте ақша қаражатын қолма қолдандыру барысында ұсталды. Қолға түскен уақытта олардан 70 млн.теңге ақша алынды. Қазіргі уақытта жалған кәсіпорындардың ұйымдастырушыларына қатысты сот үкімі шығып, олар ҚР ҚК 215-б. 2-б. және 262 –б. бойынша 7 жылға бас бостандықтарынан шектелді.

Серіктің ата анасы жастары ұлғайған адамдар болғандықтан салтанатты жиынға қатыса алмады, сол себепті де экономикалық тергеу қызметінің басшылығы Серіктің анасын телефон арқылы құттықтап, оларды жауапкершілігі мол, өз қызметін мүлтіксіз орындайтын кәсіби маманды тәрбилеп өсіргендері үшін алғысын білдірді.

Серіктің анасы аналық көз жасын жасыра алмай, ыстық ықылас пен өздеріне білдірілген ақ көңілге ризашылығын білдірді.

«Шындығында да, менің ұлымның мамандығы қиын да күрделі, бірақ осындай алғыс сөздерін есту барысында, біз өзіміздің нағыз адамды өсіріп жеткізгенімізді түсінеміз. Сіздерге адами қамқорлықтарыңыз мен ықыластарыңыз үшін мың алғыс»,- деді.

 «Комитет басшылығының және өзімнің атымнан алғысымды білдіре отырып, осындай ұл қыздарды тәрбиелеген сіздерге алғысымды білдіремін. Сіздердің балаларыңыз  жеке уақыттарымен санаспай, біздің қызметке тән қиындықтарға мойымай, өз міндеттерін абыроймен атқарып, басқаларға үлгі болуда. Әрине, бұл сіздердің  ата-аналық еңбектеріңіздің, күнделікті қамқорлықтарыңыздың жемісі. Сіздерге мың  алғыс»,- деп Б.Камалханұлы өз сөзін қорытындылады.

ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі