Жарияланған күні: 22.10.2021 11:03
Өзгертілген күні: 22.10.2021 10:57

Жұлын анестезиясына арналған инелер жұлын анестезиясын жүргізу және/немесе диагностикалық мақсатта арнаның бел пункциясын орындауға арналған. Инелер жоғары сапалы болаттан жасалған, иілуге төзімді.

Заңды мақсаттар үшін тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес жіктеу тауар позицияларының мәтіндерін және бөлімдерге немесе топтарға тиісті ескертпелерді негізге ала отырып және, егер мұндай мәтіндерде өзгеше көзделмесе, СЭҚ ТН ТНЕ-ның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 тауар позициясының мәтініне сәйкес «стоматологияда немесе медицинада, хирургияда, ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, сцинтиграфиялық аппаратураны, өзге де электрмедициналық аппаратураны және зерттеуге арналған аспаптарды қоса алғанда», оған көптеген жағдайларда тек кәсіби практикада (мысалы, дәрігерлер, хирургтер, стоматологтер, ветеринариялық хирургтер, акушерлер) не диагноз қою, аурудың профилактикасы немесе оны емдеу үшін, не операция жасау үшін және т. б. пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың өте кең, бұл жағдайда осы тауар позициясының құралдары кез-келген материалдан жасалуы мүмкін.

Ине жұлын анестезиясы рәсімін жүргізуге арналған медициналық бұйым екенін ескере отырып, оны ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 тауар позициясында СЭҚ ТН  1-ТНЕ-ға  сәйкес «медицинада қолданылатын құрылғылар» ретінде сыныптаған жөн.

Тауар позициясы айқындалғаннан кейін тауарларды СЭҚ TH сәйкес жіктеудің одан арғы рәсімі СЭҚ ТН 6-ТНЕ ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес екі-дефистік субпозициялар мыналардан тұрады:

9018 31 -- инелері бар немесе инелері жоқ шприцтер;

9018 32 -- түтікшелі металл инелер және жіктерді салуға арналған инелер;

9018 39 000 0 -- басқалары.

Субпозициялардың жоғарыда аталған мәтіндерінің ішінен қарастырылып отырған «құбырлы металл инелер» өнімінің барлық техникалық сипаттамаларына сәйкес келетін сипаттаманы таңдау мүмкін болғандықтан, бұл жағдайда СЭҚ ТН 6-ТНЕ ережесі қолданылады.

Қосалқы позициялардың атауларына сәйкес және ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 32 TH (құбырлы металл инелер ретінде) және 9018 39 ТН ВЭД ЕЕС (өзге де ұқсас құралдар ретінде) бағынысты екі-дефистік қосалқы позициялардың арасынан таңдап, қаралатын тауарды СЭҚ ТН ТНЕ 1 және 6-ға сәйкес СЭҚ ТН 9018 32 субпозициясында атауы мен дайындау материалына сүйене отырып сыныптау керек.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, «жұлын анестезиясына арналған инелер» тауар атауы мен дайындау материалына сәйкес СЭҚ ТН ТНЕ 1 және 6-ға сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 32 100 0 кіші қосалқы позициясында жіктеледі.

 

ШҚО бойынша МКД ТРБ