Жарияланған күні: 29.05.2026 09:03
Өзгертілген күні: 29.05.2026 09:19

Жоғары оқу орындарының үздік түлектерін Қаржы министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау жөніндегі ішкі пилотты іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментімен бірлесіп Қазақстан-Американдық Еркін университетінің түлектерімен кездесу (кәсіптік бағдар беру жұмысын) өткізді. Кездесу барысында студенттерге Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, өндірістік практикадан өту, тағылымдамалар мен бейімделулер туралы ақпарат берілді.