Жарияланған күні: 21.02.2020 13:08
Өзгертілген күні: 21.02.2020 13:08

2020 жылға бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес 14 ақпанда «Динамо» спорт кешенінде Қазақстанның Волонтерлар жылына арналған ШҚО мемлекеттік органдары мен әлеуетті құрылымдарының арасында волейболдан «Динамо» ДСҚ Чемпионаты өтті. Аталған жарысқа облыстың 10 ең мықты деген командалары қатысты, атап айтқанда: ШҚО ҰҚК, ШҚО ІІД, ШҚО бойынша МКД, ШҚО ҚАЖД, ШҚО ТЖД, ШҚО МКҚБ, Өскемен қаласының ӘПБ, 2034 ә/б, 3477 ә/б, 5518 ә/б.

Мандатты комиссиясының отырысында жеребе тастау арқылы командалар үш топқа бөлінді. Тек өз топтарындағы жеңімпаздарға финалда волейболдан облыс чемпионы атағы үшін күресуге мүмкіндік берілді.

ШҚО бойынша МКД командасының тобы үшінші шағын топқа түсті, онда ең мықты қарсыластар облыстың бірнеше мәрте жүлдегерлері ШҚО ТЖД және ШҚО ҚАЖД болды.

Бұл жарыстарға қатысушы командалар жақсы физикалық дайындылығын және тактикасын көрсетті, өйткені олардың әрқайсысы өз ведомствосының намысын қорғады.

Жүйелі дайындық және жоғары ұжымшылдық рухы, Департамент басшысының орынбасары Е.Ктановтың басқаруымен біздің қызметкерлер С.Кабыш, Д.Сулейменов, Е.Азамат, Е.Аскаров және басқаларды осы Чемпионатта лайықты өнер көрсетуге мүмкіндік берді.

Бірінші ойында біздің команда 3477 ә/б командасын 2-0 есебімен жеңді. Екінші кездесуде ШҚО бойынша МКД командасы осыған ұқсас нәтижемен ШҚО ҚАЖД командасын жеңіп шықты.

Финалды бөлімге шығу үшін тек соңғы кездесуде қызу тартыста ШҚО ТЖД құрамынан ұтылды.

Осы жарыста біздің команда төртінші орынға ие болды және «Динамо» ДСҚ басшылығымен «Жеңіске жету үшін талпынған» номинациясымен марапатталды.