Жарияланған күні: 21.07.2025 11:06
Өзгертілген күні: 21.07.2025 11:26

Жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын қазақстандықтар 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс. Мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режімде жасауға болады.

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін пайдаланушы:

− eGov мобильді қосымшасына авторизациялауды жасап, «Қызметтер» бөлімінде «Салық және қаржы» бөліміне өтуі қажет;

− «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)» қызметін таңдап, қажетті деректер нысанын толтырыңыз;

− мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;

− қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;

− «Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін тексеріңіз.

           Сондай-ақ, декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында «Салық төлеуші кабинеті»  арқылы тапсыруға болады.