Жарияланған күні: 19.09.2025 15:21
Өзгертілген күні: 19.09.2025 15:25

Жаңа Салық кодексінде салықтық шегерімдер жүйесі кеңейтіліп, жеңілдетілді.

Негізгі өзгерістер:

•       Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС, АҚС шарттары бойынша әлеуметтік аударымдар) сақталды.

•      Бұрын бөлек болған шегерімдердің (оқу, медицина, ипотека және т.б.) орнына бірыңғай негізгі салықтық шегерім енгізілді, ол айына 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

•       Әлеуметтік осал топтар үшін:

•       I және II топ мүгедектері үшін шегерім 882 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін арттырылды.

•      III топ мүгедектері, соғыс ардагерлері, мүгедек балалар және басқа санаттар үшін бұрынғыдай 882 АЕК шегерім сақталды.