Жарияланған күні: 22.07.2022 18:11
Өзгертілген күні: 25.07.2022 09:24

ШҚО бойынша МКД-нің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы – Әсем Тұрлыбекова «Алтай» телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында «Жеке тұлғалардың салық міндеттемелері» тақырыбында сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында Әсем Қадірқызы салық төлеушілердің мүлік және көлік құралдары салығына, есептеу тәртібіне, сондай-ақ берешекті өндіріп алу бойынша шараларын қабылдауға қатысты салық төлеушілердің тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға тоқталды, жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшудің мақсаттары мен міндеттерін айқындап, декларацияны тапсыру мерзімдерін атап өтті.

Сонымен қатар, Әсем Тұрлыбекова қазіргі уақытта салық төлеушілерге көмек көрсету мақсатында барлық мемлекеттік кірістер органдары Әкімдіктермен және базар әкімшіліктерімен жасалған үш жақты Меморандумға сәйкес базарларға шығу іс-шараларын жүргізу арқылы салық заңнамасын насихаттау бойынша түсіндіру үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетінін, онда барлық сауда жасаушыларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелуден, БКМ қолданудан, штрих-кодтарды қалыптастыру және «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларын қолдану бойынша кеңес берілетіні жайлы айтты.

Толық ақпарат келесі сілтеме бойынша: https://youtu.be/2FfFWaAGX7o