Жарияланған күні: 25.06.2025 16:10
Өзгертілген күні: 25.06.2025 16:11

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 25 тамыздан бастап жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін оңайлатуға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгерістердің күшіне енгенін хабарлайды:
         1. Рәсімдерді қолдану негіздерін қайта қарау
         - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің және мүліктің болуы міндетті шарт болып табылмайды;
       - соттан тыс банкроттық рәсімін барлық ұйымдарға қатысты қолдануға болады. Бұл ұйымдар – банктік қарыз шарттары, қарыз (несие) шарттары және микронесие беру шарттары бойынша талап ету құқығына ие ұйымдар, соның ішінде лицензиясынан айырылған, тарату сатысындағы немесе тиісті тізілімнен шығарылған ұйымдар.
         2. Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібін оңайлату
қарыз алушы өтініште кредитор туралы, берешек сомасы туралы мәліметтерді көрсетуден және қандай да бір құжаттарды қоса беруден босатылады.
         3. соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін төлемдердің болмау мерзімін нақтылау
         1 АЕК-тен аз берешек бойынша төлемдер өтелген болып есептелмейді;
Қарызды коллекторлық агенттікке беру жағдайында өтелмеу мерзімі талап (құқық) берілген күнге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.
4. қарызды реттеу мерзімін өзгерту
егер қарыз төлемдері 12 айдан астам уақыт бойы жүргізілмесе, онда қарызды реттеу рәсімін жүргізу талап етілмейді.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты сұрақтар бойынша 1414 (3) Байланыс орталығына, 24-44-00 телефонына, сондай-ақ ШҚО аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жүгінуді ұсынады.