
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге келесіні хабарлайды.
30 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңға қол қойды, оған сәйкес заң күшінің аясына түскен әрбір Қазақстан азаматы өзін банкрот деп жариялауға құқылы.
Банкроттықтың үш түрі бар-соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Соттан тыс банкроттық-мемлекеттік кірістер басқармасымен қаралады. Өтініш:
1.екінші деңгейдегі банктер;
2. микроқаржы ұйымдары;
3.коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі.
Бұл ретте борыш 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауы және 12 айдан артық өтелмеуі керек, мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктің (жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) болмауы тиіс, банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжат болуы тиіс (коллекторлар бойынша талап етілмейді).
Сот банкроттығы-сотта қаралады, өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі, бірақ бұл ретте сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады, егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы болады, егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді.
Қаржы басқарушысы тағайындалады, қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ). Банкроттықты өткізу мерзімі-6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай.
Рәсім барысында шектеу - мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау бойынша мәмілелер жасауға тыйым салу (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру), рәсім жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салу болып табылады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру-сонымен қатар сотта да қаралады, өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі, қарыздың мөлшері меншікті мүліктің құнынан аспауы керек.
Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру, жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т. б.
Бұл жағдайда "банкрот" мәртебесі берілмейді, несие алуға шектеулер жоқ, қаржылық мониторинг жүргізілмейді, қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін), шетелге шығуға шектеулер жоқ, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі және қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі жоқ.
Банкроттықтың салдары-банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады, 7 жыл өткеннен кейін ғана қайтадан банкроттыққа беруге болады, банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.
Өтінішке кредиторлардың тізбесі (банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер), банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борышты реттеу туралы құжат (коллекторлар бойынша талап етілмейді) қоса беріледі.
Түсіндіру жұмысы басқармасы