
12.12.2023 ж. Мемлекет басшысының "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қоюына байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша
Жеке тұлғаның табысын танымау
Салық кодексінің 244-бабының қолданыстағы редакциясына сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына өзгеріс енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайтынын көздейтін жаңа 9-1) тармақшамен толықтырылды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына өзгеріс енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және оданда көп Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрақ орындарын сату (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайды;
Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағы жаңа 52) тармақшамен толықтырылды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлем түріндегі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына бағытталған нысаналы жинақтар жеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайды;
319-баптың 2-тармағы жаңа 53) тармақшамен толықтырылды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұрын жүзеге асырылған сатып алулар немесе алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есептелген сома есебінен сатып алу кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын үнемдеуден түскен материалдық пайда жеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайды.