
Жеке табыс салығы бойынша өзгерістер
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердін назарына келесіні жеткізеді, 2019 жылдан бастап Салық кодексінің 341 бабының 1 тармағы «Кірісті түзеу» 49 тармақшамен толықтырылған, жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен жұмыскердің салық салынатын кірісі – осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде кірістері алып тасталады.
Осы тармақшаның ережелері 25-рет АЕК мөлшерінен аспайтын жұмыскердің табысына қолданылады, республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген және қаржы жылына сәйкес 1 – қаңтарға қолданыстағы. (2019 жылға 63 125 тенге мөлшерінде)
Яғни, жұмысшының салық салынатын табысы 2019 жылдың 1 – қаңтарынан бастап 90 пайызға азаятын болады. Қалған жалақысына жеке табыс салығы 10 пайыз мөлшерінде салынатын болады.
Атап айтқанда, жұмыскердің есептелген кірісін түзетусіз – ол салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған кірісі, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған кірістер болып табылады. Осы жұмыскердің есептелген кірісіне әлеуметтік қорғау заңдарына сәйкес төлемдер да кіреді.
Егер жұмыскердің есептелген кіріс сомасы 90 пайызы мөлшерінде кірістері 25-рет АЕК мөлшерінен немесе 63125 тенгеден асқан жағдайда, жеке табыс салығы есептелген кезінде кірісті түзету 90 пайызы мөлшерінде азайтуы қолданылмайды.